Маман келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
- бөлімше немесе Университеттің басқа да құзыретті құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ еншілес ұйымдары өткізетін елеулі іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатыс
- бөлімшенің тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыруға көмектесу;
- күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
- өнім берушілердің қызметтерді және тауарларды сатып алу туралы шарттарды орындауын мониторингілеу;
- БАҚ-тар үшін ақпараттық материалдар әзірлеуге қатысу, есептік және талдау ақпаратын дайындау;
- елеулі іс-шаралардың серіктестерімен және қатысушыларымен өзара іс қимылға қатысу, олардың тұруын және көлікпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
- бөлімшеде іс қағаздарын жүргізу;
- өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігі шеңберінде Бөлімше Басшысының және Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.
- еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға;
- Басшының және Университет басшылығының тапсырмаларын тиісінше және белгіленген мерзімде орындауға;
- Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
- қызметтік міндеттерін адал атқаруға;
- жалпыға бірдей міндетті сипаты бар Университеттің ішкі құжаттарының ережелерін сақтауға;
- жұмыстан босаған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде Басшы айқындаған басқа тұлғаға қағаз, сондай-ақ электронды тасығыштардағы қолда бар барлық құжаттамаларды, ал өзінің есебіндегі мүлікті Университеттің материалдық жауапты тұлғаларына қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсыруды жүзеге асыруға міндетті.
- болашақ іс-шараларды жетілдіру мақсатында іс-шарадан кейінгі бағалау есептеме дайындау;
- кампустан тыс іс-шаралар өткізу орындарын, жеткізушілер мен мердігерлерді табу, және бағалар мен жалға алу туралы келіссөздер жүргізу;
- күнтізбе бойынша тиімді жоспарлау мен ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін іс- шаралар күнтізбесін басқару. Бұған іс-шаралар күнтізбесі туралы әртүрлі бөлімдер мен департаменттерге тұрақты түрде хабарлау кіреді;
- департаменттің жұмыс уақытының кестелерін құрастыру, мәліметтердің уақытылы берілуін қадағалау;
- салтанатты, ресми және басқа да іс-шараларда хаттаманың сақталуын қамтамасыз ету;
- оқиғалардағы, білімдегі, технологиядағы және тұрақты дамудағы жаһандық трендтерді университеттегі іс-шараларға бейімдеу және енгізу үрдісін бақылау.