Ассистент келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
1) Деканға қарауға және қол қоюға берілетін құжаттардың жобаларын қабылдайды және ресімдеудің дұрыстығын тексереді, сондай-ақ оларды сапалы редакциялайды;
2) Мектеп Деканының қарауына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды және тексереді, сондай-ақ қабылданған шешімге сәйкес оны кейіннен орындаушыларға жұмыс процесінде пайдалану немесе жауап дайындау үшін береді;
3) құжаттарды және есептерді ұсыну мәселелері бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және/немесе ұйымдарымен өзара әрекеттеседі;
4) Мектепте іс қағаздарын жүргізеді;
5) Мектеп Деканының жұмысына қажетті баяндамалардың, есептердің және басқа да материалдардың жобаларын дайындайды;
6) Мектеп құжаттарының Университет мұрағатына сақтауға тапсырылғанға дейін есепке алынуын және сақталуын, олардың жай-күйін және сақталуын бақылайды;
7) Мектеп номенклатурасына сәйкес істерді Мұрағатқа сақтауға тапсырады;
8) жыл сайын Бөлімшенің істер номеклатурасының жобасын әзірлейді;
9) Мектепте қорғалуы тиіс Университет бланкілерін береді, сақтайды, есепке алады;
10) тиімді еңбек тәртібін әзірлеу мақсатында Мектеп Деканының кездесулерін ұйымдастырады және үйлестіреді;
11) Мектеп Деканы өткізетін отырыстарды, кеңестерді және басқа да жиналыстарды ұйымдастырады (қажетті материалдарды жинайды, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды тіркейді);
12) кеңес хаттамаларын жүргізеді, ресімдеу және орындалуын бақылайды;
13) Мектеп Деканының шешімдерін тіркейді және мүдделі тұлғалардың танысуын қамтамасыз етеді;
14) келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, Мектеп қызметкерлерінің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға жәрдемдеседі;
15) Деканның жұмыс күнін жоспарлауға жәрдемдеседі, күн сайынғы жұмыс кестесін жүргізеді және Деканның кездесулерін ұйымдастырады;
16) Деканның қызметін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады (көлікке, билеттерге тапсырыс беру; кездесулер, келіссөздер ұйымдастыру; т. б.);
17) Деканның жыл сайынғы еңбек демалысын, іссапарын ресімдеу кезінде қажетті құжаттарды дайындайды;
18) Университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Мектептің істер номенклатурасын жүргізеді;
19) өзінің функционалдық міндеттерінің шеңбері бойынша хат алмасады;
20) жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;
21) Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
22) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
23) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;
24) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
25) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.