Аға менеджерге мынадай функциялар жүктеледі:
1) тиісті қаржы жылына және орта мерзімді кезеңге Мектептің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру;
2) Мектеп басшылығына тиісті қаржы жылына арналған Мектеп бюджетінің уақтылы және мақсатты орындалуын бақылауда жәрдемдесу;
3) бекітілген бюджет деректерін, бюджетке және орта мерзімді бюджеттік өтінімдерге түзетулерді 1С-ке енгізу, сондай-ақ бюджет бойынша есептерді қалыптастыру;
4) өзінің құзыреті шегінде Мектептің басшылығына арналған жиынтық есептерге, таныстырылымдарға анықтамалар, ақпараттық және аналитикалық материалдарды дайындау;
5) өзінің құзыреті шегінде Мектептің шарттарының және басқа да құжаттарының жобаларын қарау және келісу;
6) сатып алу өткізуге туралы өтінімдерді қалыптастыру және дайындау;
7) өзінің құзыреті шегінде басқа құжаттар мен есептерді белгіленген мерзімдерде дайындау;
8) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялық және әдістемелік көмекті жүзеге асыру;
9) жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
10) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Деканның, Басшысы және Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.