Зерттеу жұмысы туралы
Назарбаев Университеті Қазақстанның орталығында, Нұр-Сұлтан қаласында
орналасқан. Халықаралық және ағылшын тілді зерттеу орта қалыптастан.
Мұндай зерттеулердің үлкен бөлігі Электротехника және компьютерлік инженерия (ЭКИ)
кафедрасында жасалады. ЭКИ кафедрасында автоматты басқару, автоматтандыру,
мехатроника, байланыс жүйелері және ақпарат теориясы, сигналдарды өңдеу және
антенналар сияқты көптеген зерттеу салаларын қамтитын іргелі және қолданбалы
зерттеулер жүргізіледі. Департаменттегі жобаларды іске асыруда әртүрлі топтардың өзара
байланысы зерттеулердің пәнаралық сипатын қамтамасыз етеді.
RA/Postdoc машиналық оқу көмегімен интеллектуалды 5G/6G байланыс жүйелерін
дамыту бағытында алдыңғы қатарлы зерттеулер жүргізу үшін жұмысқа алынады.
Негізгі міндеттер
Үміткер 5G/6G жүйелерінде сымсыз байланыс пен қауіпсіздікті біріктіруге бағытталған
пәнаралық ғылыми жобаларға қатысады. Үміткер журналдық және конференциялық
мақалалар жазуға, сондай-ақ жоба тапсырмаларын орындауға үлес қосады деп күтілуде.
Үміткерге халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысып өз жұмыстарын
таныстыруға және басқа зерттеушілермен пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік беріледі.
Сонымен қатар, PhD дәрежесін алуға мүдделі адамдар үшін жеткілікті қолдау (мысалы,
НУ-да PhD докторантураға түсу үшін ғылыми ұсынысты дайындау) қамтамасыз етіледі.
Табысты үміткер студенттік тәлімгерлікпен де белсенді айналысуы мүмкін. Бастапқы
келісім мерзімі 1 жыл және жұмыс нәтижесіне көңіл толған жағдайда әрі қарай созу
мүмкіндігі бар. Үміткердің жұмыс уақытының көп бөлігі жоба тапсырмаларына арналады.
Лауазым 2022 жылдың шілдесінен басталуы мүмкін.
Nazarbayev University
https://careers.smartrecruiters.com/NazarbayevUniversity1