Университеттің шығыс хат-хабарын қабылдайды және оны тіркеуді жүзеге асырады, есепке алуды жүргізеді және сақталуын қамтамасыз етеді;
электрондық құжат айналымы жүйесінде шығыс хаттардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асырады;
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар кіріс хат-хабарды қабылдайды және оны тіркеуді жүзеге асырады және есепке алуды жүргізеді;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыздарын) қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің (арыздарының) белгіленген мерзімдерде орындалуын бақылауды, олардың орындалу барысын реттеуді жүзеге асырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (арыздары) бойынша істердің жай-күйін және орындаушылық тәртіптің деңгейін талдауды жүзеге асырады, орындау мерзімдері туралы жауапты орындаушылар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларын жүйелі түрде хабардар етеді, Университет басшылығына орындаушылық тәртіп туралы ақпарат дайындайды;
жинақтауын Бөлімше жүзеге асыратын Университеттің кейбір құжаттарын орындау бойынша Университет басшылығының қарауы үшін ақпарат дайындайды;
Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарына іс қағаздарын жүргізу және құжат айналымын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
курьерлік қызметтерімен өзара іс-қимылды (кері байланыс, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, орындалған жұмыстардың актілері мен салыстырып тексеру актілері бойынша қаражаттың жұмсалуын бақылау) жүзеге асырады;
Университет бланкілерін дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Университет жұмыскерлеріне электрондық құжат айналымы жүйесіндегі жұмыс бойынша консультация береді, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЭҚЖ әкімшілерімен және әзірлеушілерімен байланысты жүзеге асырады;
Бөлімше өткізетін оқыту бойынша кестелерді қалыптастыруды және жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшелермен/Мектептермен оқытуды өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Бөлімшенің құзыретіне кіретін жетекшілік ететін мәселелер бойынша құжаттарды дайындайды;
Университет бюджетінің баптарына сәйкес Бөлімшенің тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысады;
жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады.