1) Мектептің академиялық қызметіне жедел қолдау ұйымдастыру, оның ішінде оқытушы-профессорлар құрамының келуін ұйымдастыру, студенттерді іріктеу, Мектептің оқытушылары мен студенттері үшін семинарлар, сондай-ақ Мектептің академиялық қызметіне байланысты басқа да іс-шаралар ұйымдастыру;
2) Директорға академиялық және студенттік істер бойынша, сондай-ақ Вице-деканға оқу бағдарламалары мен/немесе курстарды әзірлеуде және бағалауда жәрдемдесу;
3) Мектептің жаңа оқытушылары және қызметкерлеріне академиялық және студенттік мәселелер бойынша кеңес беру;
4) Регистратор офисімен бірлесе жұмыс жасап, оқу кестесін даярлау мен Мектеп оқытушыларының жүктемелерін бөлуде және әзірлеуде көмек көрсетеді және қатысады;
5) әр семестр соңында студенттердің оқу курстарын бағалауын ұйымдастыру, сондай-ақ бағалау нәтижелерін сақтау;
6) академиялық мәселелер бойынша Мектептің әлеуметтік желілерін жүргізуге көмек көрсету;
7) Мектеп түлектерімен жұмыс, түлектер қауымдастығына қолдау көрсету;
8) Мектеп студенттеріне консультациялық жұмыс пен қолдау көрсету;
9) студенттерді оқуға шақыруға, іріктеуге қатысу және Қабылдау Департаментімен бірлесе жұмыс жасау;
10) студенттердің үлгерімін, қатысуын бақылау және академиялық мәселелер бойынша кеңес беру;
11) өзінің құзыреті аясында студенттер, бағдарламалар/курстар бойынша статистикалық есептерді беру, нәтижелерді талдау;
12) өзінің құзыреті аясында баяндамаларды, аналитикалық материалдарды және хаттарды дайындау;
13) студенттерді жинақтау және қабылдау мәселелері бойынша Қабылдау департаментімен өзара әрекеттесу, оның ішінде оқу бағдарламалары, оқуға түсу рәсімдері және құжаттарды тапсыру мерзімдері, рекрутинг науқандарына қатысу, үлестірме материалдар дайындау;
14) отырыстарды ұйымдастыру, хаттамаларды толтыру, үміткерлердің бағалау нысандарын жинау және өңдеу, оқуға шақыру-хаттарын және бас тарту- хаттарын дайындау;
15) жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу.
16) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерінің аясында Декан, Вице-декан, Басшы және Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау
Nazarbayev University
https://careers.smartrecruiters.com/NazarbayevUniversity1