1) білім алушыларды іріктеу және білім алушыларды қабылдауды қамтамасыз ету;
2) талапкерлердің құжаттарын қабылдауды, өңдеуді жүзеге асыру;
3) үміткерлердің деректер базасын қалыптастыру және жүргізу;
4) үміткерлердің тізімін қалыптастыру;
5) үміткерлерді қабылдау мәселелері бойынша әріптестермен уағдаластыққа қол жеткізу;
6) конкурстық іріктеу жүргізу;
7) үміткерлерді қабылдау және іріктеу процесіне құжаттама жүргізу;
8) қабылдау процесі бойынша есептілік жүргізу;
9) Қабылдау комиссиялары үшін талапкерлер бойынша материалдарды дайындау;
10) кіріс хат-хабармен, Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауларымен жұмыс істеу, Мектептің құзыреті шегінде хаттарға, азаматтардың өтініштеріне уақтылы жауап беру;
11) өз құзыреті шегінде орындалған жұмыстың шеңберінде және (немесе) Университет басшылығының тапсырмасы бойынша осындай ашып көрсетуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, үміткерлердің/тыңдаушылардың/студенттердің дербес деректеріне, Университеттің қызметіне қатысты құпия ақпаратты таратпау талабын Мектепте сақтау;
12) тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу және жетекшілік ететін бағыты шеңберінде тиісті есептілікті қалыптастыруға қатысу;